Экономика
ЕАЭО Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу процесін бірнеше жылға созуы мүмкін
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін Қазақстанның импортты тарифтері Еуразиялық одаққа қарағанда азая түседі. Елге кіргізетін өнімдерге салынатын салық көлемі өзгереді. Айырманы ЕАЭО-ның басқа елдермен келісуге тырысуы Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын бірнеше жылға дейін созуы мүмкін деп жазады "Коммерсант" басылымы.
Еске салайық, сайуа ұйымымен 20 жылға созылған келіссөздер 11 маусымда аяқталды. Енді қатысшуы-елдер және Қазақстан қажетті құжатты ратифициялауы қажет. ДСҰ-ның баспасөз қызметі атап өткендей, еліміздің ұйымға кіру процесінің қиындығы мен ерекшелігі Қазақстанның ЕАЭО мүшелігіндегі тарифтеріне байланысты болып отыр.
Басылымның мәліметінше, ЕЭК-ның сауда министрі Андрей Слепневтің пікірінше, Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы импорттық салықты реттеу үшін елдің ДСҰ-ға қосылғанынан кейінгі 6-7 жыл кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта ЕЭК Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экономикалық әсері үшін арнайы сараптама жүргізіп жатыр. Ақпарат бойынша, ресейлік нарықты ДСҰ-ның реэкспортынан қорғау екі жақты форматта өтеді.
Өз кезегінде,отандық бизнесмендер ДСҰ аясында мемлекет қолдауынсыз қалулары мүмкін екендігінен қауіптеніп отыр. Алайда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін де отандық өндірушілерді қолдаудан бас тартпайды деп сендірді.