Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО-да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіледі

ЕАЭО-да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіледі

2021 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден саласына электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу жоспарланып отыр деп БелТА-ға сілтеме жасап, хабарлайды ҚазТАГ.

Жұма күні журналистермен болған кездесуде ЕАЭО-ның кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министр) Владимир Гошин ЕАЭО Кеден кодексі жобасының негізіне салынған мағлұматтардың бір реттік келтірілуімен қағазсыз құжат айналымына өту идеясын толықтай іске асыруға "бірыңғай терезе" механизмі мүмкіндік береді деп хабарлады.

В.Гошиннің айтуынша, қазіргі кезде одақтың әрбір елінде өздерінің ұлттық "бірыңғай терезелері" дамып жатыр. Оларды барынша жақындату және одан әрі ұлттықтан биік деңгейдегі өзара әрекеттестікті дамыту үшін 2015-2020 жылдарға есептелінген іс-шаралар жоспары дайындалды. Жоспардың іске асырылу нәтижесі сыртқы саудалық операциялардың кең спектрін жасау кезінде толық қағазсыз құжат айналымына өту, бизнес-процестердің ашықтығы мен болжамдылығының деңгейін жоғарылату, бір уақытта тәуекелдерді басқару деңгейін арттыру және сыртқы экономикалық қызметтер қатысушыларының заңнама талаптарын ұстанбау жағдайларын барынша азайту кезінде мемлекеттік қызметтердің ұсынылу сапасын жоғарылату болмақ.

ЕАЭО құрамында Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения бар. Осы жылы Қырғызтан одақ құрамына кіруді жоспарлап отыр.

Похожие материалы