Алматы. 6 шілде. 7kun.kz – Евразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы өзара сауда көлемі 18%-ға артты.
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде Одақтағы өзара сауда $18,8 млрд-тан асып түсті. 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жеткізулер мөлшері 18%-ға өскен, өткен жылы бұр көрсеткіш $15,9 млрд-тан асқан болатын.
2018 жылдың 4 айында серіктес елдерге ең көп тауар экспорттаған елдер көшін $12,2 млрд көрсеткішімен Ресей бастап тұр. Беларуссияның ЕАЭО елдеріне экспорты $4,4 млрд-тан асса, Қазақстан $1,8 млрд-қа тауар сатқан. Есептік мерзім ішінде Армения мен Қырғызстанның тауар жеткізу көрсеткіштері сәйкесінше $202,6 млн және $184,2 млн құрады.
Тауарлар бойынша алғанда Қазақстан төрт ай ішінде Одақ елдеріне $654,3 млн-ға бағалы емес металлдар мен бұйымдар, $635,6 млн-ға минералды өнімдер, $209,1 млн-ға химия өнімдерін, $78 млн-ға тағам және сусын өнімдерін жеткізген.