Қырғызстан мен ЕАЭО қатысушы елдерінің арасындағы шекараның ашылуы 15-20 күнге кейінге қалдырылды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының премьер-министрлігіне үміткер Темір Сариевтың адам құқығы, конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылым жөніндегі комитет отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап, ҚырТАГ хабарлайды.
"Қырғызтан ЕАЭО-ға Қырғызстанның мүше болып кіруі туралы келісімді 8 мамыр күні бекітеді деп жоспарланған еді. Және 12-13 мамыр күндері ЕАЭО елдерімен арадағы шекара ашылады деп есептедік. Бірақ бірқатар мәселелер туындап, мерзімдер аздап ұзартылды. Менің ойымша, 15-20 күнге", - деп мәлімдеді Т.Сариев.
Ол қазіргі кезде даулы мәселелер Қырғызстан тарапынан да, ЕАЭО елдері тарапынан да шешіліп жатқандығын жеткізді.
"Президент Алмазбек Атамбаев іссапармен Мәскеуге барған кезде осы мәселелерді айқындап алады деп ойлаймын", - деді ол.
"Қырғызстан мүддесіне қарай біз ЕАЭО-ға мүше болып кіру туралы шешімді қабылдадық, және осы жұмысымызды соңына дейін жеткіземіз", - деп түйіндеді Сариев.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024