ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдері саудасын бірыңғай биржа аясында жүзеге асырмақ
Алматы. 23 наурыз. 7kun.kz - Еуразия экономикалық комиссиясы мұнай мен мұнай өнімдерін ЕАЭО кеңістігінде бірыңғай биржа арқылы сатуды ұйымдастыру туралы мәселелерді талқылады. Бұл туралы LS хабарлады.
Жиынға қатысушы уәкілетті ұйымдар мен одақ мүшелері ортақ биржа құру туралы шешімге келісті. Технологиялық процестерді реттеу 2021 жылдың соңына таман аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Мұнай және мұнай өнімдері нарығына қатысушыларға биржалық және биржалық емес индикаторларды есепке ала отырып баға қоюдың нақты механизмі беріледі»,-деп атап өтті ЕЭК энергетика департаментінің директоры Леонид Шенец.
Кездесу кезінде мұнай мен мұнай өнімдері нарығын бақылайтын қосымша ұйымдар құру туралы да мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, бұл жағдайлар еркін және бәсекелес сауда жұмысына кедергі болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Ресейдің энергетика министрлігі, жеткізілетін мұнай мен мұнай өнімдері көлемі туралы контрактті бекіту кезінде, биржалық емес сауданың баға индексін ескеру туралы мәселені қарастырып жатыр.
ЕАЭО мүшелері мен уәкілетті ұйымдардың келесі отырысы 2017 жылдың сәуір айында өтеді.
The Ice биржасындағы Brent маркалы мұнайының 23 наурыздағы бағасы бір баррельге 50,9 доллар болды.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024