Еуразиялық экономикалық одақтың Монополияға қарсы кодексін 2015 жылы толық дайындап, бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Александр Курильчик мәлімдеді.
"2015 жылы ЕАЭО елдерінің Монополияға қарсы кодексін жасап, бекітуді жоспарлап отырмыз", - деді Курильчик Беларусь Ұлттық Жиналысы Палатасы өкілдерінің өнеркәсіп, жанар-жағар май-энергетикалық кешен, көлік және байланыс комиссиясының отырысы барысында. Комиссия төрағасы Дмитрий Харитончик Еуразиялық экономикалық одақта әзірге мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуде ЕАЭО елдеріне тең жағдай жасау мүмкіндігі туғызылмағанын атап өтті. "Басты мәселе - Ресейдің қорғаныс секторының мүддесі деп біздің (беларусьтық) тауар өндірушілерді кемсіту. Ресейлік мемлекеттік бағдарлама бойынша Ресей өндірушілеріне жеңілдіктер қарастырылған, ал біздің тауар өндірушілер мемлекеттік сатып алуларда шетелдік ретінде есептеледі", - деді Харитончик. Төрағаның сөзіне қарағанда, Беларусь электрондық саудада ЕАЭО елдері үшін бәріне бірдей жағдай жасалмағанына наразы. "Ресейдегі электрондық саудаға қатысу үшін біздің өндірушілер ақшалай кепіл салуға міндетті, ал ресейлік қатысушыларға мұндай талап қойылмаған", - дейді ол. РИА НовостиПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024