Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова ЕАЭО аумағында бірыңғай валюта «алтынды» енгізу мәселесіне нүкте қойды.
«Ұлттық банктен ресми түрде бұл мәселе ешқашан қарастырылмағанын және күн тәртібінде мүлдем тұрмайтынын мәлімдей аламын», – деді Әбілқасымова.
Ол ЕАЭО аясында әрбір елдің өзінің ұлттық валютасы бар және тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың маусым айында Астана экономикалық форумында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев криптондық валюта негізінде халықаралық төлем есептеу бірлігін енгізуді ұсынды. 2017 жылдың тамыз айында РФ Экономикалық даму министрі Максим Орешкин Ресей еуро аналогын құру туралы ойдан бас тартпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ЕАЭО-ға бірыңғай валюта 2025 жылдан кейін енгізілуі мүмкін.
Алайда, 2018 жылдың желтоқсанында сол кездегі ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан ЕАЭО-да бірыңғай валюта енгізу туралы ресейлік Ұлттық төлем кеңесінің ұсынысын қолдамайтынын хабарлады. Сарапшылар өз валютасынан бас тарту Қазақстанның егемендігіне кері әсерін тигізеді деп санайды, сонымен қатар, бірыңғай валюта жағдайында экономиканың ерекшеліктеріне байланысты (көбінесе шикізат болып табылатын) Қазақстан өзінің экономикалық дамуы бойынша Ресей мен Беларусьтен неғұрлым артта қалар еді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024