Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңістік құрылады. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумында Еуразиялық экономикалық комиссиясының өнеркәсіп және агроөнеркәсіп министрі Александр Субботин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЕАЭО елдері үкімет басшылары шешіміне сәйкес, мүше мемлекеттердің өнеркәсібінде цифрлық трансформация және бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңестікті қалыптастыру үшін жағдай жасау бойынша тұжырымдаманы даярлап жатырмыз. 2019 жылдан бастап оны тікелей жүзеге асыруға кірісуге тиістіміз. Қазірдің өзінде біздің елдерде ЕАЭО аясында өнеркәсіптің ақпараттық жүйесін құруға сұраныс қалыптасты» , - деді А.Субботин.
Оның сөзіне қарағанда, жүйе барлық өндірістік әрі ғылыми ұйымдарды байланыстыруы керек.
«2017 жылы өнеркәсіптік кооперация мен субконтракцияның еуразиялық желісін құруға қадам жасалды. Қазіргі кезде өнеркәсіпке талдау жасау, субсидия мониторингі, еуразиялық жобаларға ақпараттық қолдау саласында бірқатар қосалқы жүйелерді әзірлеудеміз. Олар ЕАЭО өнеркәсібі ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болады», - деді министр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024