
Мәскеу. 14 ақпан. 7kun.kz - Әлемдегі ірі интернет-аукциондардың бірі eBay корпорациясы осы жылдан бастап Еуропа, Африка, Азия мен Таяу Шығыстағы бизнесті дамыту функциясын компанияның ресейлік өкілдігіне тапсырды. Бұл туралы eBay-дің Ресейдегі басшысы Илья Кретов хабарлады.
Оның айтуынша, Ресей 120 астам елде орналасқан компания кеңселерінің орталығы болды. Енді олар жаңа нарықта тұтынушылардың ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдармен және серіктестермен жұмыс істейді.
Кретовтің айтуынша, бүгінде АҚШ-та eBay корпорациясы табысының 57 пайызы АҚШ-тан тыс елдерден келеді екен. 2016 жылдың қорытыныдысы бойынша, корпорацияның табысы 8,979 млрд долларды құраса, таза табысы - 2,156 млрд долларға жеткен. Бірақ eBay Ресейдегі табыс көрсеткіштерін құпия ұстап отыр.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025