Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕЭК басшысы боп Қырғызстан премьерінің орынбасары тағайындалды

ЕЭК басшысы боп Қырғызстан премьерінің орынбасары тағайындалды

Астана. 14 қаңтар. 7kun.kz - ЕЭК Кеңесін 2017 жылы Қырғызстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Олег Панкратов басқарады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің - Армения, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей басшылары - 26 желтоқсан күні Санкт-Петербургте 2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қырғызстанның төрағалық мәселесін талқылады. Бұл жерде Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ, Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жайлы айтылып тұр. «2017 жылы ЕАЭО органдарына өзінің төрағалық етуі аясында Қырғызстан Республикасы біздің сауда-экономикалық әлеуетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Одақты басқа да халықаралық ұйымдар және елдермен ынтымақтасты дамытуды жалғастырамыз деп есептейді. Экономикалық интеграцияны тереңдету - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында сауда қарым-қатынасындағы шектеулер және кедергілермен бірге жүруі тиіс. Мұны Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Шаршенұлы Атамбаев бірнеше рет атап өткен еді. Мен барлық мәселені бірлесе шешетінімізге және ЕАЭО ұйымына мүше елдер интеграциясының болашағына бірге қадам жасайтынымызға сенімдімін», - деп атап өтті Қырғызстан Республикасының вице-премьері Олег Панкратов кезекті отырыстың ашылуы барысында. ЕАЭО келісімшартына сәйкес, бұл органдарға төрағалық ету міндеті жыл сайын орыс әліпбиі ретімен берілуде. Өткен 2016 жылы Қазақстан Республикасы мен оның өкілдері төрағалық етті.

Похожие материалы