Аль-Каир. 24 шілде. 7kun.kz - Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Таяу Шығыс пен Африкада ірі әскери база ашты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.
Жаңа объект Жерорта теңізіне жағалауында Эль-Хамам қаласына жақын жерде орналасқан. Базаға Египеттің бірінші президенті Мұхаммед Наджибтің есімі берілді. Ол елдің батыс шекрасының қуіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Бұрынғы әскери қалашықтан бөлек, мыңдаған жаңа құрылымдар салынды. Оның ішінде казарма, офицерлер тұрағы, спорттық объектілер, техника сақтау парктері, полигондар және т.б. ғимараттар салынды. Сонымен қатар, базаның жанында теңіз порты мен мұнай кендері орналасқан.
Одан бөлек, бір уақыта тағы бір база ашылды. Ол Ливиямен шекараға жақын Сиди Баррани қаласы аймағында орналасқан. Жаңа әскери нысандар шекараны заңсыз қару мен есірткі тасымалынан және лаңкестерден қорғайды. Сонымен қатар, заңсыз мигранттардың ағымын тоқтатады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024