Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Эйр Астана" Астана - Ұлан-Батыр рейсін кері шегеруге мәжбүр

"Эйр Астана" Астана - Ұлан-Батыр рейсін кері шегеруге мәжбүр
"Эйр Астана" әуекомпаниясы Моңғолия билігінің белгісіз себептермен рұқсат бермеуіне байланысты Қазақстан мен Моңғолия астаналарының арасындағы рейстерді кері шегеруге мәжбүр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.  Әуе тасымалдаушы 2 ай уақыт алатын рұқсат құжаттарын дайындауды  бірінші рейске 8 ай қалғанда бастағанын атап өтеді. "Компания Моңғолияның азаматтық авиациясы органының аудитінен сәтті өтті. Моңғолияның авиациялық билігі 2016 жылдың наурызында ұшуға рұқсат бергенімен, сәуірде еш түсіндірусіз рұқсатты кері шегерген. Әуе тасымалдауы туралы келісімді бұзуға 3 себеп бар, бірақ олардың бірде-біреуін "Эйр Астанаға" қолдануға келмейді", -деп атап өтті баспасөз қызметінен. Компанияның хабарлауынша, ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі және Индустрия және даму министрлігінің, "Эйр Астананың" шараларына қарамастан Моңғолияның авиациялық билігі негізсіз себептерге сілтеме жасап, рұқсат беруді кері шегеру туралы шешімдерін қайта қарамаған. "Олардың арасында аудит те аталады, бірақ компанияның ешбір ескертусіз өткені туралы құжаты бар. Сондай-ақ маусымда "Азия-Еуропа" форумына байланысты Ұлан-Батыр әуежайының жабылатындығы және "Эйр-Астанаға" ешқандай елге кіруге тыйым салғанына қарамастан расталмаған ИКАО-ның қара тізімі деген себептер бар", -делінген таратылған хабарламада. Әуе компаниясының атап өтуінше, әуе тасымалы туралы үкіметаралық келісімдерге 1944 жылы Чикаго конвенциясының негізінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) арқылы қол қойылған. Қазақстан Республикасының тасымалдаушысына ұшуға рұқсат бермегені үшін қазақстандық жақ Моңғолия Чикаго конвенциясының келісімін бұзып отыр деп есептейді, енді ИКАО Кеңесіне арнайы хат жібермек. Айта кетейік, 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия Республикасы арасындағы әуе тасымалы туралы келісімге, ал 2014 жылы рейстерді ашу бойынша Меморандумға қол қойылды.

Похожие материалы