Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Эйр Астана ЕҚҚДБ-дан 14 млн доллар алады

Эйр Астана ЕҚҚДБ-дан 14 млн доллар алады
Ұлттық әуетасымалдаушы "Эйр Астана" Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен (ЕҚҚДБ) 14 млн доллар көлемінде қарыз алады. Бұл туралы LS xабарлайды. Банк баспасөз қызметінің xабарлауынша, қаржы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған орталық құрылысына арналған. Ол Астана халықаралық әуежайында (АХӘ) орналасатын болады. Әрі Орталық Азиядағы алғашқы орталық болмақ. Қазіргі уақытта, халықаралық әуе компаниялары, «Эйр Астананы» қоса алғанда, шетелде негізінен Ұлыбритания мен Қытайда техникалық қызмет көрсетуден өтуде. Жаңа орталық ұлттық әуе тасымалдаушыны ұшақтарға Қазақстанда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа әуе компаниялары да бұл қызметке қол жеткізе алады. ЕҚДБ-дан бөлінген қаражатқа мамандандырылған жабдықтарға арналған ұшақ тұрағы, сақтау қоймалары, кеңселер салынады. Банк мәліметі бойынша, жаңа қызмет көрсету орталығы жоғары біліктілігін талап жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Фото:365info.kz

Похожие материалы