Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы тергеп-тексеру жүргізіп жатқан монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тергеп-тексеру объектісінің үй-жайына қол жеткізуге кедергі келтіруіне байланысты «Эйр Астана» АҚ қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Бұл туралы ҰЭМ хабарлады.
2016 жылғы 7 қазанда «Эйр Астана» АҚ тергеп-тексеруге шыққан монополияға қарсы ведомство қызметкерлерін өзінің ғимаратына өткізбеген. Бұған дейін хабарлағандай, аталған авиатасымалдаушыға қатысты авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу мәніне тергеп-тексеру басталған болатын.
Бұл ретте, 2015 жылғы 5 қазаннан бастап авиаұшулар қызметтеріне баға реттеу жойылғанын айта кетейік. Баға реттеу жойылғаннан кейін авиабилеттерге бағаның елеулі көтерілгені (орташа алғанда 30 – 40 %) байқалады.
Тұтынушылардан түскен шағымдарға байланысты, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді бастады. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024