Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылады, деп жазады "Эйр Астана" Facebook желісі парақшасында.
«Боинг-767» бортында «Inmarsat's Global Xpress (GX) Aviation» желісімен жұмыс жасайтын Rockwell Collins кабиналық жүйесі орнатылды. Ұшақтағы интернет жылдамдығы 2мбит/с құрайды. Қосылу пакеттері: “Старт” - 15 мб, 1500 тг, “Бизнес” - 50 мб, 4500 тг, “Супер” - 100 мб, 7500 тг.
Жолаушылар web парақшаларды, электрондық поштаны, әлеуметтік желіні қарап және аудио файлдарды тыңдап, суреттерді жүктей алады. Жыл аяғына дейін әуекомпаниясы тағы екі “Боинг-767” ұшағына интернет орнатуды жоспарлап отыр.
“Эйр Астана” Immarsat Global Xpress (GX) атты серіктік жоғары жылдамдықты байланысты орнатқан алғашқы әлемдік әуе компанияларының бірі.
Айгүл Хожантаева