Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Air Astana-ның Дубайға бет алған ұшағы Алматы әуежайына қайтып келді

Air Astana-ның Дубайға бет алған ұшағы Алматы әуежайына қайтып келді

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Air Astana әуе компаниясының Алматы-Дубай бағытындағы рейсі техникалық ақауларға байланысты әуежайға қайта қонды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

«Бүгін Алматыдан Дубайға КС895 рейсін жасаған ұшақ техникалық ақаулар салдарынан сағат 8 жарым шамасында Алматы әуежайына қайта қонды. Ұшқыш барлық халықаралық қауіпсіздік тәртібін сақтаған. Борт басқа әуе кемесімен алмастырылды», - деп жазылды баспасөз қызметі хабарламасында.

Рейс сағат 10:15-те ұшады.

Еске салсақ, 22 наурыз күні әуе компаниясының Алматыдан Бішкекке жасаған КС109 рейсі техникалық ақау салдарынан Алматы халықаралық әуежайына қайтып келген еді. Сонымен қатар, әуе компаниясының 2017 жылдың 5 наурыз күні Алматы-Орал бағытында ұшқан ұшағынан да ақау шығып, Ақтөбеге қонған болатын

Похожие материалы