Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық екі әуе компаниясы қызметін тоқтатты

Қазақстандық екі әуе компаниясы қызметін тоқтатты

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Азаматтық авиация комитеті шағын авиацияның 17 ұшағын пайдалануға уақытша тыйым салды, ал екі әуе компаниясының қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚР бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, шағын авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізуде.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мәселелері бойынша бірлескен кеңес отырысы өтті. Шұғыл түрде 17 ұшақты (14 Ан-2 және 3 Tecnam ) пайдалану және шағын авиацияның 2 әуе компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, «Азия Континенталь Авиалайнс» және «Казавиа» Тәуелсіз әуе компаниясы» ЖШС-нің авиациялық жұмыстарды атқару куәлігін пайдалануға шектеу қойылды.

Сонымен қатар, ҚР әкімшілік кодексінің бірінші бөлімінің 570 бабы бойынша авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін пайдаланушы лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Бұдан бөлек, ұшу және техникалық жұмыстарды сапасыз ұйымдастырғаны үшін әуе компанияның 16 лауазымды тұлғасына тәртіптік шара қабылданды.

Похожие материалы