Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - Оңтүстік Кореяда екі мыңға жуық қазақстандық заңсыз жүр. Бұл туралы Корея Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Бақышев мәлімдеді.
«Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан барған екі мыңға жуық адам заңсыз жүр. Жалпы, басқа елдерден де адамдар осы мемлекетке барып, қалып жатыр», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, соңғы кезде кейбір қазақстандықтар Кореяға визасыз бару мүмкіндігін пайдалана отырып, сонда қалып жатыр.
«Осыған байланысты заң бұзушылыққа барғандарды анықтау бойынша күшейтілген жұмыстар қолға алынды. Кез келген жағдайда, яғни адамның әрекеті дұрыс немесе бұрыс болса да, елшіліктің мақсаты біздің азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға байланысты болады. Біздің елшілікте төрт дипломат, бір консул жұмыс істейді. Консулымыз демалыссыз жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Ол күнде әуежайда болады. Сонымен қатар адамдар емделу үшін де осы елге барады. Сондықтан дипломаттардың жұмысы қарқынды», - деді елші.
Оның айтуынша, апта сайын проблемалар туындайды. Әрбір оқиға бойынша Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігіне нота жіберіліп, оқиғаның мән-жайын анықтаймыз. Сондай-ақ кейбір мәселелер сол жерде шешіліп жатады. «Біздің мақсат Қазақстан азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғауға негізделген. Көп жағдайларда адамдарды негізді себептермен ұстайды, себебі олар өзінің сапары туралы толық ақпарат бермейді», - деп түсіндірді Бақышев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024