Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – First Heartland Bank-ті Цесна банкке қосуы мүмкін.
«Цеснабанк» АҚ-ға «First Heartland Bank» АҚ қосылу туралы мәселе қаржы институттарының акционерлерімен мамыр айында қаралатын болады, - делінген «Цеснабанк» хабарламасында.
Бірігу мәселесі акционерлердің жалпы жиналысында 2019 жылдың 16 мамырында талқыланады.
Жиналыс «Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» АҚ директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылады.
Сондай-ақ, отырыста акцияларды айырбастау коэффициентін бекіту және «First Heartland Bank» АҚ-ның «Цеснабанк» АҚ-на қосылу туралы келісімді бекіту мәселелері қаралады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 6 ақпанда Назарбаев университетіне енген First Heartland Securities қазақстандық брокерлік компаниясы «Цеснабанк» АҚ акцияларының 99,5% бақылау пакетіне ие болды.
Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, Цеснабанк 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 28 банкі арасында активтер көлемі бойынша 4-ші орынды иеленген, First Heartland Bank – 19-шы орында тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024