Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екібастұз ЖЭО учаскесі басшысының өліміне оның қызметінің қатысы жоқ – полиция

Екібастұз ЖЭО учаскесі басшысының өліміне оның қызметінің қатысы жоқ – полиция

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Іс Екібастұз қаласының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабаралды.

Екібастұз жылу орталығы учаскесінің 33 жастағы басшысы ВАЗ-21099 автокөлігінің салонында зорлық-зомбылық белгілерінсіз, гараждардың бірінде табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Полицияда оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Екібастұздағы гараждардың бірінде тұрған, қозғалтқышы қосулы болған жеке көліктен 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған. Бұл жағдайдың марқұмның қызметіне қатысы жоқ», – делінген хабарламада.

Похожие материалы