Павлодар облысы. 5 желтоқсан. 7kun.kz – Екібастұзда 70 жастағы зейнеткер өз пәтерінде көз жұмды. WhatsApp желісінде оның үсіп өлгені туралы хабарлама тарады. Алайда полиция оны жоққа шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, расымен қаладағы үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болған, алауда оған пәтердің суық болуы себеп болмаған.
Полицияның хабарлауынша, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлаған.
«Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады», – деді станцияның баспасөз қызметі.
Зейнеткер көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілерін анықтамады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024