Алматы. 15 шілде. 7kun.kz - Қазақстанның Екінші деңгейлі банктердің жеке капиталының көлемі бір жылда 4% өсті. 32 банктің 25-і оң нәтиже көрсетті.
Ал ҚР ЕДБ жиынтық капиталы бір жылда 4,1% өсіп, мамыр соңында 3,1 трлн теңгені құрады. 2017 жылдың мамырында бір жылдың өсім 12,9% болатын.
Жеке капиталын көтерген 25 банктің алғашқысы - Халық банк. Оның көрсеткіші 107,4 млрд теңгеге өсіп, 798,6 млрд теңгені құрады (15,5%). Бұл қаражат бүкіл банктік сектордің жиынтық капиталының төрттен бір бөлігін құрайды. Банктің үлесі 23,5%-дан 26%-ға өсті.
Халық банктен кейін тізімде Kaspi Bank тұр. Ол капиталына 52,9 млрд теңге қосып, 188,3 млрд теңгеге көтерілді (39%). ЕДБ-дан үлесі 4,6%-дан 6,1%-ға көтерілді.
Алғашқы үштікке капитал өсімі бойынша Жилстройсбербанк 49,1 морд теңге қосып (38,9%), 175,3 теңгеге барды. Нарықтағы үлесі 4,3%-дан 5,7%-ға өсті.
Осы жылы банктердің табысының жоғары болуына байланысты ҚР ЕДБ жеке капиталының өсуін күтуге болады.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында банктік сектордың табысы 328,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы уақыт аралығының көрсеткішімен салыстырғанда 86,2% көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024