Астана. 10 қазан. 7kun.kz – Жұматай Әлиев кезектен тыс президентігіне сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның кандидатурасын «Халық демографиясы» ҚБ ұсынды.
Айта кетейік, Әлиев алдыңғы президент сайлауына да қатысу үшін өтініш беріп, мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінген болатын. Мамандар «Мемлекет және дін» тақырыбындағы оның шығармасынан 19 қате тапқан болатын.
Жұматай Әлиев 2001 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ ол Мәжіліс депутаты да болған еді.