Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz - Экономикаға кредитік ресурстар жетіспей жатыр. Банктердің барлығы дерлік айналымға қарыз беруді тоқтатқан. Мұндай уақыты өтіп кеткен несиелердің мөлшері портфельдің 11 пайызын құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Қазақстан экономикасында кредиттік қаржы жетіспеушілігі байқалды. Уақытында төленбеген несиелер саны өсіп кеткендіктер, банктер тәуекелге барғысы келмейді. Сол себепті бизнеске несие беруді азайтқан.
ҚР Екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) қарыз портфелінің көлемі 2016 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың наурызы аралығында еш өзгермеген. Кредиттер 0,2 пайызға өсіп, 12,5 трлн теңгеге жеткен. 2016 жылдың соңындағы жылдық өсім 3,7 пайызды көрсетті. Ал соңғы 5 жылдағы өсу деңгейі 23,6 пайызды құраған.
Бизнеске алынған несиелердің жалпы кредиттегі (3,9 трлн теңге) ұлесі - 31,3 пайыз. Бес жылда мұндай кредиттер 44,1 пайызға өскен. Ал жалпы көлемдегі үлесі 26,9 пайыз болған. 2017 жылдың наурызының соңында өсім 0,4 пайызды көрсетті.
Кредиттендіруде ең көп жылдық өсімді халықты тұрғын үймен қамту және құрылыс саласы көрсетті. Берілген несие көлемі 1,1 тлрн теңгеге дейін (7,4%), ал барлық жалпы көрсеткіштегі үлесі 2,5 трлн теңгеге дейін өскен. Үлесі 19,9 пайыздан, 20,2 пайыз болды.
Ал үшінші орында тұтынушылық кредиттер тұр. Ондағы өсім - 1,6 пайызды (2,5 трлн теңгеге дейін) құраған, ал үлесі 19,9 пайыздан 20,2 пайызға дейін жоғарылаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024