
Астана. 13 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан үкіметі 2017 жылдағы ЖІӨ өсімін 1,7%-дан 2,5%-ға дейін өсірді. Бұл туралы үшжылдық бюджетті таныстыру кезінде ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Оның сөзінше, ЖІӨ өсімі 2,5% құрайды. Оған мұнай бағасының көбеюі мен 2016 жылдағы нәтижелерді қайта есептеу себеп болады.
"Біз 2016 жылы бюджетті төмен деңгейде есептедік. Ал қазір мұнай бағасының көбейгенін, металл бағасының өскенін көргеннен кейін статистиканы қайта жасадық. Оның барлығы өсімге ықпал етеді", - деп атап өтті министр.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025