Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономиканы цифрландыру Қызылорда облысының салаларын дамытуға көмектеседі

Экономиканы цифрландыру Қызылорда облысының салаларын дамытуға көмектеседі

Астана. 19 қазан. 7kun.kz - Экономиканы цифрландыру Қызылорда облысының салаларын дамытуға көмектеседі. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді деп жазды primeminister.kz.

2018 жылдың сәуірінде  Қазақстан өңірлері арасында алғашқы болып Қызылорда облысы әзірге жалғыз өзі Microsoft компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Облысы әкімі шілдеден бастап облыста онлайн-оқыту арқылы заманауи инженерлік-компьютерлік технологияларды қолданатын жоғары білікті мамандарды даярлау қолға алынғанын айтады.

«Экспо» алаңын қолдану арқылы, Мәскеу құрыш және қорытпалар институтымен Қызылордада машина жасау, 3D-принтерлерді қолдану арқылы түйіндер мен тетіктер дайындау саласында жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеу бойынша Мәскеудің ғылыми-өндірістік Инжинирингтік орталығына ұқсас орталық құру мәселесі бойынша келіссөздерді бастадық», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында «Microsoft академиясының» кеңсесін ашу туралы келісімге қол жеткізілген.

 

Похожие материалы