Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz - Экономист Ғалым Құсайынов Қазақстан мен Ресейдегі жанар-жағармай бағасын салыстырды. Сарапшының сөзінше, Ресейде АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 34 рубль тұрады. Бұл Қазақстандағы рубль курсымен есептегенде 185 теңге, деп жазды экономист өзінің фейсбуктегі парақшасында.
«Салық компоненттері бойынша айырмашылықты қоса алғанда теңгедегі бензин бағасы қанша болатынын есептеу үшін 185 теңгені 1,18-ге бөліп, 41-ді аламыз. 116 теңге шығады. Бұл ресейлік салықты алып тастағандағы баға. Енді оған Қазақстандағы акциз бағасын - 8 теңгені қосамыз, 1,12-ге көбейтеміз (қосалқы құн салығы), 139 теңге шығады. Бұл Қазақстандағы жанар-жағармайдың бөлшек бағасы", - дейді экономист.
Оның сөзінше, шығындар, жеткізу бағасы, трейдерлердің бағасы тағы басқалары екі елде де бірдей. Ресейде экспорттан түсетін ҚҚС-ны қайтару біздікімен бірдей-ақ, сондықтан ережеге сәйкес, осы үшін ішкі нарықпен салыстырғанда баға жоғары болады.
"Нәтижесінде Қазақстандағы жанармай бағасының 140-145 теңге деңгейінде болуы әділетті баға", - дейді Ғалым Құсайынов.
Сарапшының айтуынша, теңгеге қатысты рубль курсы төмендемегенде, бензин бағасы 4-5 теңгеге жоғары болар еді. Сондықтан ол бағаның қымбаттауы Ресейдегі жанармай бағасының жоғары болуы және валюта курсының өзгеруімен байланысты дейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024