Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Денсаулық сақтау министрлігі мұндай норманы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің жобасына енгізуге ниетті. Бұл туралы бүгін «Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: мәселелер мен шешімдер» бірінші конгресінде елдің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Өз сөзінде Бекшин вакцинацияға қатысты жаңа ережелер биылғы жылдың желтоқсан айына дейін енгізілетінін атап өтті. Айтуынша, заң жобасында екпе салынбаған балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымы, мектепке баруына тыйым салу туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ, ол балалардың вакцинацияға деген құқығын бұзған ата-аналарға айыппұл салу туралы да ұсынылып отырғанын айтты.
«Желтоқсан айында жаңа кодекс шығады. Заң жобасында вакцинацияланбаған балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге баруына тыйым салу туралы ұсыныстар бар. Балалардың вакцинацияға деген құқығын бұзған ата-аналарға айыппұл салу туралы да ұсынылып отыр», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, егер бала мектепке немесе балабақшаға барса, жасына қарамастан оны вакцинациялау керек. Бұл басқа оқушылардың денсаулығы құқығын сақтау үшін қажет. Бас тарту жағдайында ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
«Біздің мақсатымыз – егілген балалардың саны 95%-ға дейін артуы, ересектер арасында 80-85%-ға дейін жеткізу керек», - деп түйіндеді Бекшин.
Вакцинацияның жаңа ережелері 2019 жылдың желтоқсанына дейін енгізіледі деп күтілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024