Астана. 19 қазан. 7kun.kz - Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа берілді. Бұл туралы Астана қаласының сотына сілтеме жасап «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Іс сотқа берілді. Дегенмен әлі сот өндірісіне қабылданған жоқ. Іс зерттеліп жатыр», - деді қалалық сот қызметкері.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы министрдің топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алу күдігімен қамауға алынғанын хабарлаған еді. Ол Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді. Қылмыстық схемаға осы ұйымның басшылары Д. Ибрашев, Ж. Исабеков, М. Қожабаев та тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ұрланған қаражатты жұмысшылардың тамағы мен тұратын жеріне төлем ретінде қолма-қол ақшаға айналдырғанын хабарлаған.
Қуандық Бишімбаевты қамауға алуға санкция 2017 жылдың 12 қаңтарында берілген еді.