Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz - S&P Global Ratings «Эксимбанк Қазақстан» банкінің «В-» ұзақмерзімді кредит төлеу қабілетін CreditWatch Negative, яғни «негативті болжам жасалып жатқан көрсеткіш» тізіміне енгізді. Ал қысқамерзімді кредит төлеу қабілеті «С» рейтингі нақтыланды. Сондай-ақ, банктің ұлттық рейтингі «kzBB-»-ден «kzB+» шамасына дейін түсіріп, оны да CreditWatch тізіміне қосты.
Рейтинг агенттігі банкті CreditWatch тізіміне қосу себебін 2016 жылы «Эксимбанк Қазақстанның» табысты активтерінің азаюы жоспарланбаған қаржы жылыстауын тоқтату қабілетін басқа банктермен салыстырғанда төмендеткенімен түсіндіреді. Дегенмен, агенттік аталған банктің минималды талаптардың барлығын орындап отырғанын айтып, 2017 жылы облигацияларын төлеу қабілетін дефолт деңгейіне түсірмейтінін хабарлады.
S&P сонымен қатар Ұлттық банктің қаржыландыруға қолдау білдіріп отырғаны мен банк акционерлерінің капиталға құйғанын айта кетті. Алайда, агенттіктің айтуынша, аталған жағдай ары қарай да жалғаса берсе, банк кредиторлардың қаржысына үміт арта алмай қалады.
Айта кетейік, «Эксимбанк Қазақстан» банкінің өтімділік деңгейі 2016 жылы сол жылдың соңына қарай табысты активтерінің азаюы әсерінен әлсіреген болатын. Өтімді активтердің көлемі 6,8 млрд теңгеден 2,1 млрд теңгеге дейін азайған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024