
10 маусымнан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған билеттердің сатылымы басталады. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның басшысы Ахметжан Есімовтың сөзінше, билет бағасы кинотеатр билетінің бағасына қарағанда әлдеқайда қымбат болады.
"Бір айдан кейін 10 маусымда ЭКСПО билеттерінің халықаралық онлайн сатылымы басталады. Касса арқылы сатылым тамызда басталуы қажет", -деп хабарлады Есімов Астанада өткен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның қоғамдық кеңесінде.
Оның сөзінше, халықаралық көрме бюросымен " бұл шараға барынша көп қазақстандықтар қатысу үшін және шетелдіктерді де тарту үшін ең минимальді баға қою" туралы келісімге келген.
"Билеттің нақты қанша тұратындығын оператор белгілейді. Бірақ әзірге көрмеге бару құны кинотеатрға баратын билет бағасына қарағанда әлдеқайда қымбат болады", -деді А.Есімов.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025