Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО-2017 басшылары нысандардың уақытынан бұрын тапсырылатынын уәде етті

ЭКСПО-2017 басшылары нысандардың уақытынан бұрын тапсырылатынын уәде етті

ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының көрменің өтуіне жауапты жаңа басшылығы мердігерлерден құрылыс мерзімін қайта қарап, нысандарды 3 ай бұрын ерте өткізуді сұрап отыр. Бұл туралы көрме нысандарына пресс-тур кезінде ұлттық компанияның атқарушы директоры Болат Әшімов мәлімдеді.

"Құрылыстың болжамды аяқталуы 2016 жылдың желтоқсаны деп белгіленген. 2 қаңтардан бастап біз қатысушыларды кіргіземіз деп жоспарлай бастаған едік. Бірақ өмір бір орнында тұрмайды. Миландағы ЭКСПО өткізу тәжірибесі бойынша, бізге обьектілерді кеш тапсырғандықтан барлық қатысушылар дайындалып үлгермеген деген хабар келіп жатыр. Сондықтан басшылық халықаралық қатысушылардың павильондарын ертерек тапсыру қажет деп шешті", -деді Б.Әшімов.
Оның сөзінше, 2016 жылдың қыркүйегінің соңына қарай құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, ал жалпы кешеннің тапсырылуы құжаттық жұмыстарын есептегенде 2016 жылдың соңына дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ ол қаржыландырудан ешқандай мәселе жоқ екендігін де атап өтті. Құрылыс бағасы да әзірге көтеріле қоймайды. "Әзірге 100 млрд теңгеге жуық игерілді. Нақты сомасын айтпаймын. Ал мердігерлермен келісім-шарт құны 470 млрд теңгені құрайды", - деді ол.

Похожие материалы