Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экспорт арқасында Аралтұз өндірісі 3 есеге ұлғайды

Экспорт арқасында Аралтұз өндірісі 3 есеге ұлғайды

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Арал тұзын Ресейде бәсекеге қабілетті етуде KazakhExport мемлекеттік қолдаудың көмегі көп тиді. Шамамен мыңдаған адам Қызылорда облысы Арал ауданында техникалық және ас тұзын өндірумен айналысады. Өндіріс дамуымен қатар,  экспорты артып, Аралтұз өндірісі 3 есеге ұлғайды.

2017 жылы тұтынушылардың ыңғайы үшін тұз қапшығына бірден қапталған ұсақ тұз өндіру ұдайы дамыды. Қазіргі уақытта жылына 400 мың тонна тұз өндіріледі. Тұз тек Қазақстан арасында ғана емес, шет елге де тасымалданады.

Осыдан 5 жыл бұрын Аралтұз индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының қатысушысы ретінде 500 мың тоннаға дейін тұз өндіру жоспарын алға қойған. Сол жоспар бүгінде жүзеге асып отыр. Бұдан өзге, испан құрылғылары орнатылған екі цех жұмыс атқарып келеді.

«2013-2016 жылдары Арал тұзын шет елге экспортқа шығарудың арқасында өнімді 3 есеге арттыру қолымыздан келді», - дейді «Аралтұз» АҚ өндірісті жүзеге асыру және маркетинг бойынша орынбасар Евгений Король.

Негізінен, экспорттың көп бөлігі Ресейге тасымалданады (шамамен өнімнің 60 пайызына жуығы). Тасымал Ресейдің барлық аймағына жеткізіледі. «Магнит» дүкендер желісімен тікелей байланыс орнатылған. Сондай-ақ, Арал тұзы Қырғызстан аймағында да сұранысқа ие. Ал, 2017 жылдың қыркүйек айында Әзербайжанға алғаш ретбір вагон тұз тиелді. Алдағы уақытта БАӘ, Қытай және Кореяға тасымалдау жоспарланып отыр. Шет ел әріптестерін қызықтыру мақсатында, компания көптеген халықаралық көрмелерге қатысады.

Евгений Король айтып өткендей, «Аралтұз» АҚ әріптестерімен 100 пайыздық алдын ала төлеу жүйесімен жұмыс жасайды. Дегенмен, кейде  диллерлер айналымдағы ақша жеткіліксіздігінен тауардың қосымша көлеміне ие бола алмайтын жағдайлар кездеседі.

Похожие материалы