Алматы. 25 қараша. 7kun.kz - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңір экономикасын тұрақтандыруды жалғастырудың, мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың, сондай-ақ жұмыспен қамтылуды ұлғайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті облыстың инвестициялық тартымдылығын дамыту, шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыра беруді тапсырды.
Алматы облысының әкімі өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.
«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, экономикаға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыс бағыты айқындалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биыл облыс экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды дамыды. Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция салаларында өсім байқалып отыр», – деді Алматы облысының әкімі.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024