Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елбасы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті

Елбасы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті

Елбасы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты  хабарлады.

Қазақстан Президенті біздің елге және осы өңірге алғашқы сапармен келгеніне ризашылық білдірді. "Жақында мен Нью-Йорк қаласында АҚШ Пезиденті Барак Обамамен кездестім. Біз екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Еліміз егемендік алған күннен бастап, алдағы желтоқсанда 24 жыл  болғалы отырған, біз сіздердің елмен ынтымақтастықта болдық және Қазақстан халқы егемендігіміз бен экономикамыздың дамуына қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға ризамыз. Бүгінгі таңда елімізде американдық қаржымен 500 компания құрылған. Біз бұл жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз", -деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қарусыздану және таратпау мәселесі бойынша да ынтымақтасып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы осы бағытта Б. Обаманың бастамаларын қолдайтынын білдірді.

АҚШ хатшысы Нью-Йоркте өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың нәтижелерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Дж.Керри Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне елеулі ықпал ететініне сенім білдірді.

"АҚШ расында да Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Бүгін мен Қазақстандағы Америка сауда палатасының өкілдерімен кездестім және олар Сіздің елде қол жеткізген табысына қанағаттандыратынын білдірді",- деді АҚШ Мемлкет хатшыты.

Похожие материалы