Нұр-Сұлтан. 23 маусым. 7kun.kz – ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы заңның күші жойылды деп тану туралы заң жобасын депутаттар қыркүйекте қарайды. Бұл туралы депутат Дания Еспаева айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Конституциялық түзетулер Негізгі заңдағы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, тұңғыш президент – Елбасы ретінде көрсетілуін алып тастайды. Түзетулер арқылы Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне бірқатар жеңілдіктер қарастырылған тұңғыш президент туралы заң күшін жояды.
Дания Еспаеваның айтуынша, Парламент жазғы демалыстан оралғаннан кейін заң жобасы қаралуы мүмкін.
«Тұңғыш президент туралы заң күшін жойған шығар. Негізгі заңнан «Елбасы» ұғымы алынғандықтан, тұңғыш президент туралы заң автоматты түрде жойылады. Түзетулер әлі енгізілген жоқ. Үлгеріп қалса, маусымның аяғында істеледі. 1 қыркүйектен бастап қаралуы мүмкін», – деді Еспаева.
Депутаттың айтуынша, жыл соңына дейін заң күшіне енуі мүмкін.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024