Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz — Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия 3 ақпаннан бастап, ҚХР-мен тұрақты әуе қатынасын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Шешімге байланысты, әуекомпаниялары жолаушыларға билет ақшасын қайтаруы керек, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
"Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша қайтаруды рәсімдеуі қажет. Әуе билеттерді қайтару айыппұлсыз рәсімделеді және толық көлемде қайтарылады", - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, қалып қойған жолаушыларды елге қайтару үшін Бейжің және Үрімші қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастырылады.
Айта кетейік, екі ел арасында тұрақты рейстер "Эйр Астана", "SCAT" (Қазақстан), "China Southern Airlines" және "Air China" (Қытай) әуе компанияларымен Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қытайдың Бейжің, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында орындалады.
Бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында ҚР Үкіметінің шешімімен ҚХР азаматтарының Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз транзиттік тәртібі уақытша тоқтатылған болатын.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан жағдай жақсарғанға дейін азаматтарға ҚХР-на басқа көлік құралдарымен жол жүруден бас тарту ұсынылады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024