Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшері белгілі болды

Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшері белгілі болды

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылғы қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 31 759 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы қыркүйекте 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,1%-ға өсті.

Оның құрылымында ет пен балық сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,3%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа - 14%, жемістер мен көкөністер - 12,9%, нан мен жарма өнімдері - 7%, қант,қант, шай және дәмдеуіштер – 1,8%-ды құрады.

Айта кетейік, ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс. Ең төменгі тұтыну себеті адамның табиғи және құндық мәнде өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу үшін ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстар үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайызы мөлшерінде белгіленген.

Похожие материалы