Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Электрондық еңбек биржасы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша Қазақстандағы тапшы мамандықтар тізімінің алғашқы қатарында күзетшілер, тәрбиешілер мен даяшылар орналасқанын мәлімдеді.
2019 жылдың үшінші тоқсанында enbek.kz электронды еңбек биржасындағы топ бос жұмыс орындары рейтингінде күзетшілер көш бастады. Екінші орында - көлік жүргізушілері, ал үшінші орында - медбикелер. Түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша да тапшы мамандықтар тізімінде күзетші лауазымы бірінші орында.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда тәрбиешілер мен даяшылар жетіспейді. Бұдан басқа, зерттеу сұраныс аз мамандықтарды да көрсетті. Бұл жерде басқалардан үлкен айырмашылықпен заңгерлер көш бастап тұр. Содан кейін техник-бағдарламашылар мен технологтар орналасқан. Сонымен қатар, тізімге экономистер, қаржыгерлер, фельдшерлер, психологтар кірді.
Еліміздің өңірлерінде кадрлық сұраныс пен ұсыныстың әртүрлі арақатынасы байқалады. Ақмола облысында қазіргі уақытта ең тапшы мамандық - қазандық операторы. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанайда - күзетшілерге деген сұраныс, Шымкент және Алматы облысында - орта мектеп мұғалімдеріне деген сұраныс жоғары.
Диспетчерлік қызметтердің операторларын көбінесе Атырау облысындағы жұмыс берушілер іздейді. Ал Алматыда - байланыс орталығының операторлары. Батыс Қазақстанда тәрбиешілерге қажеттілік туындап отыр. Жамбыл облысында "орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бар филологтарға мұқтаждық жоғары. Қызылордада көптеген бос жұмыс орындары мен түйіндемелер «пошташы» мамандығы бойынша берілді. Маңғыстау облысында жол жұмысшылары тапшылығы бар, ал Павлодар облысында - офис-менеджерлер.
Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушісі тапшы мамандықтардың көшін бастайды. Шығыс Қазақстан облысында да осындай жағдай. Түркістан қаласында рейтингтің бірінші сатысында сатушы-кассир орналасқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024