Еліміздегі электр энергиясы бойынша ең қымбат бағалар Алматы және Қостанай қалаларында тіркелді. Ал ең төменгі баға Атырау және Ақтауда деп жазады Energyprom.kz.
2016 жылдың алғашқы 2 айында Қазақстанда сағатына 16,5 млрд кВт өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырған 2,2 пайызға аз. Электр энергиясы және қуаттылығы нарығындағы қазақстандық оператордың мәліметінше, өндірілген электр энергиясының 15 пайызы түпкілікті тұтынушыға жұмсалады. Соңғы 2 айдың қорытындысы бойынша, электр пешін қолданатындарға электр құны 5,1% арзанға түскен. Екінші деңгейдегі тарифтік тізім бойынша ең қымбат қалалар тізіміне Алматы (сағатына 100 кВт үшін 2164 теңге, 1 жыл ішіндегі тариф өсімі 3,5%), Қостанай (сағатына 100 кВт үшін 2110 теңге, 1 жыл ішіндегі тариф өсімі 7,5%) және Көкшетау (сағатына 100 кВт үшін 1847 теңге, 1 жыл ішіндегі тариф өсімі 0,4%) енді. Үшінші деңгейдегі тарифтік тізім бойынша да қымбат қалалар тізімінде Алматы (сағатына 100 кВт үшін 2705 теңге), Қостанай (сағатына 100 кВт үшін 2638 теңге) және Көкшетау (сағатына 100 кВт үшін 2638 теңге) тұр. Бірінші деңгейдегі ең төменгі тарифтер Ақтауда (сағатына 100 кВт үшін 456 теңге) және екінші, үшінші деңгейдегі ең төменгі тарифтер Атырау (сағатына 100 кВт үшін 713 және 893 теңге) қалаларында тіркелді. Өз кезегінде электр пештерін қолданбайтын, бірінші деңгейдегі тұтынушылар үшін жоғарғы тарифтер Алматы, Қостанай және Талдықорған қалаларында деп танылды, Екінші және үшінші деңгейдегі тарифтердің қымбаттылығы бойынша да Алматы, Қостанай және Қызылорда қалалары көш бастап тұр. Электр пешін қолданбайтын бірінші деңгей үшін ең төменгі тарифтер Атырау және Өскемен қалаларында тіркелген. Екінші және үшінші деңгей үшін қолайлы баға Атырау және Ақтөбеден табылады. Атап өтейік, тарифтер электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты деңгей бойынша сараланады. Әр аймақтың өз талаптары бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024