Еліміздің бірнеше жерлерінде электр энергиясының бағасы 1 қаңтардан бастап өсті. Кезек Семей қаласына да келіп жетті. Осы уақытқа дейін ең арзан жарық иесі саналған қалада бір киловат құны 10 теңге болатын деп хабарлайды КТК арнасы.
Жеткізушілердің сөзіне сүйенсек, бағаны бұдан әрмен ұстап тұруға олардың қауқары жетпейді. Оған себеп - үнемі өсіп отыратын доллар мен электр энергиясы тасымалының қымбатшылығы. Тарифтерді шамамен 14 пайызға өсіру туралы ұсыныс жасалды.
Семейліктер 1 ақпаннан бастап жаңа тарифке ауысуы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында да электр энергиясы қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024