Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - 17 сәуірде Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2018 жылдың І тоқсанында бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды ресмилендіру және ел экономикасына тарту жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысы, сондай-ақ алдағы шаралар жоспары жөнінде баяндама жасады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Министрдің айтуынша, 2018 жылдың басынан бері статусы анықталмаған 2,7 млн азаматтың 607 мыңының статусы нақтыланды. 197 мың жұмысшы еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналарын аударып жатыр. 12 мың кәсіпкер қызметтерін тіркеді. Облыстарда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды тарту жалғасып жатыр.
«Статусты жаңарту бойынша жұмыстар барлық өңірлерде жүргізіліп жатыр. Әкімдіктердің барлық құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін қамтитын ресмилендіру бойынша Өңірлік штаб құрылып, жұмыс істеуде.
Жұмыс ресмилендіру бойынша қабылданған Өңірлік жол карталарының негізінде жүргізілуде», — деді Мәдина Әбілқасымова.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша электрондық еңбек биржасын толықтай жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы әзірленді.
Электронды еңбек биржасы арқылы 21 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, 28 мыңға жуық жұмыс берушілер өздерінің «жеке кабинеттерін» құра отырып, тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024