Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – 22 қазандағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 22 млн 110,4 мың тонна астық бастырылды, - деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Еліміздің диқандары 14 млн 949,3 мың гектар алқаптың егінін жинап, 99,2% көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ал, орташа өнімділік гектарына 14,8 центнерді құрады.
2017 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 15 млн 325,6 мың гектар, яғни 99,7% алқаптың егіні орылып, 22 млн 93,9 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 14,4 центнерді құраған.
2018 жылы егіс алқаптарының жалпы аумағы 15 млн 63,1 мың гектар болса, 2017 жылы 15 млн 365,2 мың гектарға жеткен.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





