Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде 403 студент білім депозиті арқылы оқып жүр

Елімізде 403 студент білім депозиті арқылы оқып жүр

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Астана қаласының Орталық коммуникациялар қызметінде «Қаржы орталығы» АҚ-ның Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін ілгері жылжыту бойынша жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы  өтті.  

«Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Асқар Ыбрайымовтың айтуынша, 2013 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халыққа ЖОО-лар мен колледждерде білім алуда қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесін (депозиттер) енгізуді көздейтін «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы қабылданды.

 Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) депозиттерінің басты артықшылығы салымдарға 12% дейін банктік сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы төленеді. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, басымдықты санаттағылар үшін - 7%.

Бүгінгі таңда МБЖС шеңберінде 16 802 561 331 теңге сомасына 19 166 білім беру жинақтау салымы тіркелді.

2018 жылдың ақпанында 14 739 салымшы бойынша 757 409 000 теңге мемлекет сыйлықақысы төленді. Осы уақытқа дейін салымдар бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы 1 644 761 000 теңгені құрады.

Қазіргі уақытта МБЖЖ бойынша білім алатын студенттердің мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ЖОО-ларымен 105 және колледждерімен 525 МБЖЖ саласында келісім жасалды.

Бүгінгі күнде 403 студент МБЖЖ шеңберінде білім алып жүр.

Похожие материалы