Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Қазақстандағы кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы салық берешегі 177 млрд теңгені құрап отыр.
Олардың 89 мыңы салықтық рақымшылыққа ілігеді. Салықтық рақымшылық орта және шағын бизнес субьектілеріне арналған. Салық төлеушілер 1 қазанға дейін салық бойынша негізгі берешегін төлеу керек. Сонда айыппұл мен өсімпұлдан босатылады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұл мен айыппұлдан босату қарастырылып отыр. Қазір Салық туралы Кодекске салықтық рақымшылықтың тәртібі бойынша түзетулер енгізілуде. Нәтижесінде салықтық амнистияға іліккен 30 мың заңды тұлға мен 58 мың жеке кәсіпкер 110 млрд теңге өсімпұл мен 6 млрд теңгеден аса айыппұлдан босатылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024