Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Елде отандық банк секторын оңалтуға арналған жаңа бағдарлама әзірленді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығында өткен жиынында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бас қаржы ұйымы екінші деңгейлі банктерге ақшалай көмек көрсетеді. Сол арқылы банк активтерінің сапасын арттыру көзделіп отыр.
Айта кетейік, жаңа бағдарламаға капиталы кем дегенде 45 миллиард теңгені құрайтын мекемелер қатыса алады.
"Маусым айында Ұлттық банк басқармасының қарауына шығарылады. Ең басты принциптері бағдарламаның екінші деңгейлі банктерге және әлеуметтік орны үлкен банктерге көмектеседі. Жеке меншік капиталы 45 млрд теңгеден кем болмауы тиіс. Осы банктердің акционерлерінен көмек болатын болса ғана, Ұлттық банк қолдау көрсетеді", - деп атап өтті ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.
Дереккөз: 24.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024