
Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 382,75 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (383,62 теңге/$1) ұлттық валюта 0,87 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 382,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 383 теңге, жабылу курсы бір долларға 382,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 59 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 161.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 384 теңге, Алматыда – 385 теңге.
Ұлттық Банктің 19 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 383,69 теңгені құрайды.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025