Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы маусымда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімі – 9,6%-ға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі – 0,2%-ға арзандады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.
Ағымдағы жылғы 6 айда баға қарақұмыққа 3,3% төмендеді, ал бидайға 18,9%, арпаға - 8%, жүгеріге - 5,5%, сұлыға - 3,1%, күрішке - 1%, қара бидайға - 0,7% өсті.
Қияр 13,5%, картоп - 5,8%, қызанақ - 1%, асханалық сәбіз - 0,6%, қырыққабат - 0,4% арзандады, ал асханалық қызылша 4,9%, бас пияз - 1,7% қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 22,6%, күнбағыс тұқымына - 15,9% өсті, ал кептірілген жасымыққа 3,5% төмендеді.
Баға жылқы етіне 4,3%, ірі қара мал етіне - 3,7%, қой және шошқа етіне - 2,2%-дан, құс етіне - 0,9% өсті.
Тауық жұмыртқасы 17%, бал - 3,8%, қойдың жүні - 2,7% арзандады, ал шикі сүт 1,2% қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024