Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 4,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 6,3%, мал шаруашылығы өнімі - 1,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда баға қарақұмыққа 3,3%-ға төмендеді, ал бидайға 10,8%, арпаға - 4,5%, сұлы және күрішке - 0,7%-дан, қара бидайға - 0,5%, жүгеріге - 0,2%-ға өсті.
Картоп 3%, асханалық сәбіз - 1,4%-ға арзандады, ал қияр 22,6%, қызанақ - 8,8%, асханалық қызылша - 6,2%, басты пияз - 2,8%, қырыққабат - 3,2%-ға қымбаттады. Баға күнбағыс тұқымына 12,6%, кептірілген бұршаққа - 2,5%, кептірілген жасымыққа - 1,1%-ға өсті.
Баға жылқы етіне 2,6%, ірі қара мал етіне - 1,5%, қой етіне - 1,3%, құс етіне - 0,9%, шошқа етіне - 0,8%-ға өсті. Шикі сүт 2,3%, қойдың жүні - 0,5%, бал - 0,1%-ға қымбаттады, ал тауық жұмыртқасы 1,5%-ға арзандады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024