Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Елімізде қияр мен қызанақ бағасы өсті, - деп хабарлайды Energyprom.
2019 жылы қаңтарда маусымдық емес жаңа көкөністерге - қияр (бір айда+20,4%) және қызанақ (+17,3%) бағасы айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, қырыққабат (+4,8%), сарымсақ (+4,4%) және пияз (шамамен +3%) бағалары да өсті. Қысқы ұзақ сақталатын көкөністер - картоп, сәбіз, үрме бұршақ бағасы бір айда 1%-ке өсті. Тек қызылша бағасы төмендеді. Жеміс - жидектер арасында банан - бір айда 2,9%-ке қымбаттады, ал алма мен лимон бір айда 1%-ке арзандады.
Мал өнімдерінің бағасы бір айда өзгерген жоқ. Биыл ақпанда құс фермаларының өнімдерінің бағасы 2%-ке өсті. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1%-ке төмендеді. Мұндай көрсеткіш ет пен балық өнімдерінен де байқалады.
Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша жарманың бағасы бір айда 2%-ке, ал макарон өнімдерінің бағасы 1,5%-ке төмендеді. Нан өнімдері мен бұршақтар сегментінде тек жоғары сұрыпты бидай наны (бір айға +0,9%) бағада аз ғана өсті, басқа өнімдер арзандаған. Сондай-ақ, ұн бағасы 1%-ке төмендеді.
Бір айда бакалея өнімдерінен маргарин 1%-ке қымбаттады, ал қант керісінше, 1%-ке арзандады. Сусындар арасында бағаның айтарлықтай ауытқуы байқалмады: арақ айына 0,8%, ауыз су - тек 0,3%-ке қымбаттаған.